Дәрігерлер остеогенез кемістігінен зардап шеккен қызды аяққа тұрғызды

337
Елорда дәрігерлері туғаннан остеогенез кемістігінен, деформациядан зардап шеккен 25 жастағы қыз баланы аяғына тұрғызды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



"Елордада академик Н.Ж.Батпенов атындағы ҰҒТОО дәрігерлері, бала кезінен ауырған, туа бітті остеогенезі жетілмеген, екі аяғының көп жазық деформациясы бар 25 жастағы қыз баланы аяғына тұрғызды.
Орталық дәрігерлері көптеген клиникалық талдаулар жүргізе келе, оң жамбасының остеотомиясын түзетіп, блокаторлық пластинкамен синтез жасауға, екі жіліншігінің сүйектерінің остеотомиясын түзетуге, құрсаулайтын өзекшемен остеосинтездеуге шешім қабылдады. Ұзақ оңалтудан кейін ол өз аяғына тұрды. Емдеу МӘМС жүйесі аясында жүргізілді," - деп хабарлайды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Астана қалалық филиалының баспасөз қызметі. 

Қызылордалық 25 жастағы науқас А.-ның екі аяғының ауыру тарихы бала кезінен басталған. «Мен өз аяғыммен жүргім келеді, маған көмектесіңіздерші» - ол 2014 жылы алғаш рет елордадағы травматология және ортопедия орталығына осындай өтінішпен келген. Патологиялық сырқат салдарынан аяқтары бірнеше рет сынған.


№2 ортопедия бөлімшесіндегі емдеуші дәрігері Әсет Асқарұлы Нұрахметовтің айтуынша, тексеру кезінде науқас мүгедектер арбасының көмегімен қозғалатын. Фотосуретте екі жіліншіктің және оң жамбастың пішіні өрескел өзгергені – көп жазықты деформациясы, екі аяқтың бұлшық  еттерінің гипотрофиясы байқалады.


"Науқас бала кезінен бастап туа бітті остеогенез кемістігімен, екі аяқтың көп жазықты деформациясымен ауырған. Патологиялық сырқат салдарынан аяқтары бірнеше рет сынған. Орталық дәрігерлері көптеген клиникалық талдаулар жүргізе келе, оң жамбасының остеотомиясын түзетіп, блокаторлық пластинкамен синтез жасауға, екі жіліншігінің сүйектерінің остеотомиясын түзетуге, құрсаулайтын өзекшемен остеосинтездеуге шешім қабылдады. Ұзақ оңалтудан кейін ол өз аяғына тұрды. Айта кету керек, емдеу МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) жүйесі аясында жүргізілді," - деп түсіндірді дәрігер.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан медициналық қызмет көрсетуге қомақты қаражат бөлінеді. Жыл сайын медициналық сақтандыру есебінен травматология, нейрохирургия, кардиохирургия, урология, онкология, т.б. салалар бойынша жүздеген қымбат оталар жасалады. Мысалы, 2022 жылы елордада жоғары технологиялық медицина көмегімен 7885 ота жасалды. Осындай бір ғана күрделі отаның құны орта есеппен бірнеше миллион тұруы мүмкін.




Академик Н.Ж.Батпенов атындағы ҰҒТОО-ның басты артықшылығы – дәрігер-мамандарының жоғары біліктілігінде.


"ҰҒТОО дәрігерлерінің арқасында, МӘМС арқасында, жылдар бойы оңалтудан өтіп тұрғаннан кейін, мен қазір өз аяғыммен жүремін. Мені аяғыма тұрғызғандары үшін өмір бойы алғыс айтамын. Қазір белсенді өмір салтын ұстанамын, би билеп, тіпті сахнада ән айтамын," - деп қуанышымен бөліседі 25 жастағы қыз бала А.

Кейін ол тұрғылықты жері бойынша емханадағы травматолог дәрігердің бақылауына ауысқан.


МӘМС жүйесінде көрсетілетін қызметтердің ішіндегі басым бағыттардың бірі – оңалту шаралары. Жыл өткен сайын тұрғын халыққа медициналық қызмет көрсететін жекеменшік қызмет жеткізушілер үлесі артуда.


Медициналық аппараттар саны, емдеу тәсілдері көбеюде. Астанада 2022 жылы оңалту көмегіне 7,7 млрд теңге жұмсалды (2023 жылы оңалту қызметіне бөлінген қаржы 9,2 млрд теңгені құрайды).
 
Қор сарапшылары тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) аясында және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде медициналық көмек алу жөнінде кеңес береді, қажет болған жағдайда мәселені шешу үшін медициналық ұйымның сарапшыларын жұмылдырады.
 
Егер қандайда бір сұрақтар туындаса, емделушілер Медициналық сақтандыру қорына төменде көрсетілген кері байланыстың ресми арналары арқылы жүгіне алады:
 
Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
@saqtandyrybot телеграмботы
1406 байланыс орталығы
Қордың fms.kz сайты.


Сарапшылар сізге ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу бойынша кеңес береді, мәртебесі мен төлемі бойынша ақпаратты тексереді, қажет болған жағдайда мәселені шешуге медициналық ұйымның сарапшыларын жұмылдырады.
 
 


"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ
елорда филиалының баспасөз қызметі