Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина ақылы болуы мүмкін бе

364

Фото: Денсаулық сақтау министріДенсаулық сақтау вице-министрі ОКҚ өткен онлайн-брифингте коронавирусқа қарсы вакцина ақылы болуы мүмкін деген мәліметке түсініктеме берді.
БАҚ өкілдері халық арасында қазір коронавирусқа қарсы тегін вакцина салдырмаса, кейінірек екпені ақылы түрде салдыруға тура келетіні туралы қауесет тарап жатқанын айтты.


"Бұл жалған ақпарат. Вакцинация тегін, ерікті түрде жасалады", - дейді денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният.


 Сондай-ақ, ол бүгінде қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы вакцинаның төрт түрі қолжетімді екенін еске салды. Олар: қазақстандық, ресейлік, араб және қытайлық препараттар.


Еске сала кетсек, бұған дейін журналистер министрден күзге дейін Қазақстанда 10 млн адамға вакцина салынбаса, жауапкершілік кімнің мойнына жүктелетінін сұрап, мұндай жағдайда Алексей Цой отставкаға кете ме деген сауал қойған еді. 


"Біз әрбір азамат түсіністік танытады деп үміттенеміз. Сол үшін біз өңірлерде ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз және оны күшейтеміз. Сондай-ақ ұжымдық иммунитет үшін 60 пайыздық межеге жеткізу өте маңызды.


Мұның бәрі Денсаулық сақтау министрлігінің қолында емес. Вакцинация ерікті, сол себепті мен БАҚ өкілдерін түсіндіру жұмыстарына қатысуға және вакцинаның оң әсері туралы, осылайша қаншама азаматты өлімнен аман алып қала алатынымызды айтуға шақырамын", - дейді Цой.


 Сондай-ақ ол отставкаға қатысты сауалға жауап берді.


 "Кез келген үкімет мүшесінің кез келген мәселесі мемлекет басшысына байланысты. Жұмыс қалай бағаланса, шешім де солай қабылданады", - дейді министр.