Алматыда карантинді жеңілдету: Нысандар мен мекемелер қалай жұмыс істейді
Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифингте "жасыл" аймақта тұрған мегаполисте 19 маусымнан бастап жаңа қаулы күшіне енетінін мәлімдеді.
Бекшин жаңа қаулыда барлық нысандар 2 санатқа бөлінгенін жеткізді. Олар: Ashyq қатысушылары және қатыспайтындар. Олар үшін ережелер басқаша болады, деді оңтүстік астананың бас санитары.
Супермаркеттер, азық-түлік сатпайтын дүкендер, базарлар - Ashyq жүйесіне кірмейді, алайда коронавирусты жұқтыру деңгейінің төмендеуін ескеріп, олар шектеусіз жұмыс істейтін болады.
Мектепке дейінгі мекемелер де Ashyq жобасында емес, бірақ олар шектеусіз жұмыс істейді. Ерекше талап - топтық іс шаралардың өтпеуі.
Кеңселер қала "сары" аймақта болғанда 50% толып қызмет атқарса, қазір 30%-ы қашықтан, 70%-ы жұмыс орнында болмақ.
Діни мекемелер – 30% сыйымдылықпен рұқсат беріледі. 1 адамға арналған алаң 4 м2 кем емес.
Мейрамханалар, кафелер, кофеханалар, демалыс орындары - егер мекемелер Ashyq жүйесінің қатысушылары болса, онда 7.00-ден 02.00-ге дейін сыйымдылықты 50%-дан асырмау керек, яғни 70 орыннан көп болмауы тиіс. Ереже Ashyq жүйесіне қатыспайтындарға да бірдей, бірақ 50 орыннан көп болғаны жөн.
Асхана негізінде жасалған қоғамдық тамақтану орындары - Ashyq-қа қатыспайды, соған қарамастан олар тәулік бойы шектеусіз жұмыс істей алады.
Банкет залдары да жұмыс істейді. Ashyq қатысушылары - толу деңгейі 50% -дан аспайды, қатыспайтындар - 30% -дан аспайды. Банкет залдарына келушілердің саны 50 адамнан көп болмауы тиіс.
Моншалар - шектеусіз жұмыс істейді, бірақ олар әлі Ashyq жүйесіне енгізілмеген.