Қызылордада Гонконг тұмауымен ауырғандар саны 143 адамға жетті
2025-2026 жылғы жаңа эпидемиологиялық маусым басталғалы бері Қызылорда облысында жедел респираторлы вирусты инфекция жұқтырудың 38411 жағдайы есепке алынды. Бұл туралы облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ауырғандардың 70%-ы – 14 жасқа дейінгі балалар. Науқастардың 4%-ы ауруханаға жатқызылған.
Сынама зерттеу нәтижесінде ЖРВИ-дің тұмау санатына жатпайтын аденовирус, риновирус сияқты 8 түрі анықталды. Дәрігерлер тұмау өршіп тұрған уақытта халықты мүмкіндігінше халық көп жиналатын орындарға бармауға, желдетілуі төмен орындарға барғанда бетперде тағуға, ауырған адамдармен қарым-қатынасты шектеуді, сондай-ақ жеке бас гигиенасын сақтап, антисептиктер пайдалануға кеңес берді. Респираторлық аурудың белгілері байқалған бойда өзін-өзі емдеумен айналыспай, тез арада дәрігерге баруға шақырды.
Осылайша облыс тұрғындарының 9,9%-ы тұмауға қарсы вакцина қабылдады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жалпы тұрғынның 10%-ы екпе алған жағдайда ұжымдық иммунитет қалыптасатынын алға тартып отыр.







