Алексей Цой вакцинация қарқыны төмен өңірлерді атады

351

ФОТО. Орталық коммуникациялар қызметіҚазақстанның бірқатар өңірінде тұрғындарды коронавирусқа қарсы вакциналау көрсеткіші төмен болып тұр. Бұл туралы үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.


"Халықты вакциналау жалғасуда. Шамамен 4,5 мың доза вакцина қолданылды. Оның ішінде 1-компонентпен 2 809 447 адам екпе алды. Бұл - екпе алуға кіретін халықтың 28,4 пайызын құрайды. Екінші компонентпен 1 715 750 адам қамтылды. Бүгінде екпе пунктілерінде вакцинаның жеткілікті дозасы бар: 1-компонент - 1,1 млн доза және екінші компонент - 1,4 млн доза", - деді министр.


 Цой ұсынған мәліметтерге сәйкес, еліміздің Маңғыстау, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарында 1-компонент вакцина алғандар саны орташа республикалық көрсеткіштен төмен болып отыр. 


"Республика аумағында Үнді штамының таралуының анықталғандығын ескере отырып, өңірлердегі эпидемиологиялық тұрақтылықты ұстап тұру үшін жергілікті атқарушы органдар вакцинация қарқынын арттыруы және халық арасында тезірек вакцина алу қажеттігі, маска режимі, әлеуметтік арақашықтық сынды негізгі алдын алу іс-шараларын сақтау керектігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейтуі тиіс", - деді Алексей Цой. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.