АИТВ инфекциясын жұқтырғандар саны 30 558-ге жетті

1 311

Өткен жылдың қорытындысы бойынша елде АИТВ-мен өмір сүретін адамдар саны 30 558-ге жетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«2022 жылдың қорытындысы бойынша елде АИТВ-мен өмір сүретін 30 558 адам тұрады. Былтыр 3 877 жаңа жағдай тіркелді. Бұл ретте еркектер (67,2%) әйелдерге (32,8%) қарағанда 2 есе көп анықталды. 82%-ы 18-49 жас аралығындағы еңбекке қабілетті халыққа тиесілі. Жыныстық жолмен берілу басым. Ол 75%-ды құрайды. Одан кейін инъекциялық жолмен беріледі. Оның көлемі -20%», - деді Ажар Ғиният.


Министр мәлімдегендей, соңғы 10 жыл ішінде Қазақстанда адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ) инфекциясымен сырқаттанушылық 2 есеге артты.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.