Ғалымдар алғаш рет адам тісін өсіретін дәрі ойлап тапты
Жапон ғалымдары адамдарға тіс өсіруге мүмкіндік беретін жаңа дәрі жасауда жетістіктерге жетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Дәрі тышқандарға жасалған тәжірибелерде тістің өсуін ынталандыратын тиімді екендігі көрсетілген, деп жазады басылым.
"Жаңа тістерді өсіру идеясы - әрбір тіс дәрігерінің арманы. Мен аспирант кезімде осымен айналыстым. Мұны істей алатыныма сенімді болдым", - деді Осакадағы Китано медициналық институтының жетекші ғылыми қызметкері Катсу Такахаши.
Такахашидің зерттеу тобы тіс өсуін шектейтін USAG-1 протеиніне назар аударды. Бұл ақуыздың қызметін блоктай алатын бейтараптандыратын антидене әзірленді. Дәрі тышқандарға сыналған кезде, жаңа тіс шыныменде өсіп шығатынын дәлелдеді.
Қазірдің өзінде препаратты адамға қолдануға дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ең алдымен, препарат туа біткен факторларға байланысты тісін толық жоғалтқан науқастарға арналған. Бұл "адентия" деп аталады.
"Болашақта препарат кеңірек қолданылуы мүмкін", - дейді зерттеушілер.
"Кариес немесе басқа себептерге байланысты тістерді емдеу мүмкін болмаған кезде тіс түсіп қалады. соның кесірінен протездерді немесе импланттарды орнатуға мәжбүр болады. Тісті өсіру қабілеті өзгерісті тудыруы мүмкін. Қалай болғанда да, алдағы жылдары тістерді қалпына келтіретін дәрі пайда болады деп ойлаймыз", - дейді Такахаши.
Препараттың клиникалық сынақтары 2024 жылдың шілдесіне жоспарланған. Ғалымдар 2030 жылға дейін дәріні жалпы қолданысқа дайындамақшы.
Айта кету керек, кейбір жануарлар, соның ішінде акулалар мен бауырымен жорғалаушылардың кейбір түрлерінде үнемі жаңа тіс өсіп тұрады. Сонымен қатар, адам өмірінде тіс екі рет қана шығады.
Т. Раушанұлы