Қазақстанда қызылшадан екі бала көз жұмды

2 784

Фото: ашық дерек көзіДенсаулық сақтау вице-министрі, мемлекеттік бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова Қазақстанда қызылшадан екі адам көз жұмғанын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Қызылша ауруынан 2 бала өлімі тіркелді. Олар – 1 жасқа дейінгі балалар. Олар қызылшаға қарсы екпе алу жасына толмаған. Бұл оқиға Астана мен Шығыс Қазақстан облысында болды. Бір бала шала туған. Оның бұған дейін де басқа да ілеспе аурулары болған. Соңына ол қызылша жұқтырған», - деді Айжан Есмағамбетова.