Елімізде қанша адамның коронавирусты қайта жұқтырғаны белгілі болды

329

Фото: pixabay.comДенсаулық сақтау министрі Алексей Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында коронавирусты қайта жұқтырған қазақстандықтар туралы айтты.


"Ел арасында "коронавируспен ауырып шыққан адам қайта жұқтырмайды" деген пікір бар. Бұл мүлде дұрыс емес. Қазақстан бойынша 800-ге тарта адам коронавирусты қайта жұқтырды", - деді денсаулық сақтау министрі.


 Алексей Цой коронавирусты қайта жұқтырған азаматтардың ешқайсы вакцина салдырмағанын айтып, ел тұрғындарын коронавирусқа қарсы вакцина алуға шақырды. 
Айта кетейік, Елімізде COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК коронавирусқа қатысты соңғы деректерді жариялады. Оған сәйкес, өткен тәулікте елімізде індет жұқтырған 1 068 адам тіркелген.


Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 404 064 жетіп отыр. 


Сонымен қатар, өткен тәулікте індеттен 1267 адам жазылған. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.