Елімізде 1 шілдеден бастап дәрілік заттар таңбаланады

2 533

Фото: Vecherka.tjҚазақстанда 2024 жылы 1 шілдеден бастап өндірілген препараттар ғана таңбаланатын болды. Өзгерістер Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте талқыланды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Тиісті өзгерістер 2020 жылғы 10 қыркүйектегі Үкімет қаулысына енгізілуде. Бұл дәріханалар мен дистрибьюторларға таңбалау кодтарын есепке алу және қадағалау үшін ақпараттық жүйелердің интеграциясын нақтылауға мүмкіндік береді.


Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспановтың айтуынша, 1 маусымдағы жағдай бойынша 383 көтерме қойманың 287-сі қажетті жабдықтармен жабдықталған, 15 өңірде тексеріс жүргізілді. Жақын арада қалған 5 өңірге шығу қарастырылып отыр.


“Жалпы елімізде цифрлық таңбалауды енгізудің оң серпіні байқалады: Қазақстанға аяқ киімнің ресми (анықталған) импорты 2019 жылы 39,5 миллион жұптан 2023 жылға қарай 54,5 миллион жұпқа дейін өсті. Бизнеске аяқ киімнің қалдықтарын белгілеу үшін үш жылға жуық өтпелі кезең берілді (2021 жылдың 1 қарашасынан 2024 жылдың 1 маусымына дейін). Сонымен қатар кеден қоймаларының аяқ киімді таңбалауға дайын еместігін ескере, кеңес қорытындысы бойынша, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне импорттаушылардың өз қоймаларында аяқ киімді таңбалауға рұқсат беру мәселесін пысықтау тапсырылды”, – делінген хабарламада.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.