Тамыздың бірінші күнінде елімізде коронавирустан 110 адам көз жұмған

329
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан көз жұмған адамдардың статистикасын жариялады. 

Соңғы статистикалық мәліметтерге сәйкес, 1-тамыз күні Қазақстан аумағында 110 адам - коронавирустан, тағы 16 адам - пневмониядан қайтқан. 


Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында тіркеліп отыр - 17 науқастан.


 Қарағанды облысында - 15, Ақмола облысында - 12, Алматы қаласында - 11, Батыс Қазақстан облысында - 7, Павлодар облысында - 6, Маңғыстау, Атырау және Алматы облыстарында - 4, Қызылорда, Қостанай және Ақтөбе обылстарында - 3 адамнан қайтыс болған. Еліміздің барлық өңірінде дерлік қайғылы жағдайлар болған. 


Тек Шығыс Қазақстан облысында коронавирустан ешкім көз жұмған жоқ. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.