"Асыл Мирас" аутизм орталығы ашылды

2 509

8 желтоқсанда Болат Өтемұратов Қоры Абай облысы әкімдігі қолдауымен Семей қаласында "Асыл Мирас" аутизм орталығын ашты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Қазақстанның әр аймағында ашылған аутизм орталықтары 9 жыл ішінде 16 мыңға жуық аутистік спектрдің ауытқулары бар (АСА) балалар ерте араласудың алты бағдарламасы бойынша тегін білім алды.

Жаңа орталық жылына 300 баланы қамтуға мүмкіндік береді және балалармен жұмыс істеуге 15 маман тартылады. Сабақтар аутизм стандарттарына сәйкес "Аутизм. Баршамызға бір әлем" 6 интервенция бағдарлама аясында өткізіледі. Қазірдің өзінде 7 кабинет жиһаз, құрал-жабдықпен және оқу-әдістемелік құралмен толық жабдықталған. Әр баламен жұмыстың бір циклі 3 айға созылады және диагностикалық нәтижелер негізінде жеке таңдалады. Орталыққа тіркелу үшін тіркеуді растау және психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің (ПМПК) қорытындысы қажет.

Болат Өтемұратов Қоры тиімділігі дәлелденген ерте анықтау мен мінез-құлықты түзетуге көмектесетін заманауи технологиялар мен тәжірибелерді кеңінен пайдаланып келеді. Қор Калифорния университетіндегі Касари зертханасы, Атлантадағы Маркус аутизм орталығы және Autism Speaks халықаралық ұйымы сияқты танымал кәсіби мекемелермен серіктестікті жалғастыруда.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.