Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 154 адам қайтыс болды

292
Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 11 тамыздағы ақпарат жарияланды. 1 808 науқас ауыр, 451 науқас өте ауыр жағдайда жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ВАК-қа сілтеме жасап.
11 тамыздағы мәлімет бойынша, 112 843 адам коронавирус инфекциясынан (108 824 КВИ+ және 4 019 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:
  • 30 181 пациент стационарда,
  • 82 662 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
  • 1 808 адамның жағдайы ауыр,
  • 451 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 215 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ, 2021 жылғы 11 тамыздағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат жарияланды.
2020 жылғы 13 наурыздан барлығы: ауырғандар - 64065, 3949 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 56097-ге жетті.