Қарағанды облысында биыл 27 ФАП салынды
Биыл Қарағанды облысында 27 фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бүған қоса химиятерапиялық орталық салынды. Өңірдегі бірнеше клиникада заманауи үлгіде жұмыс істейтін орталықтар жұмысын бастады. Аймақ медицинасын дамыту бағытындағы жұмыстармен Парламент Сенатының депутаты Серік Өтешов танысты. Ол облыс мәслихатының тұрақты комиссия өкілдерімен бірге Қарағанды медициналық унивеситетінің ұжымымен, студенттерімен кездесті. Сондай-ақ ЖОО-на қарасты Пришахтинск елді мекеніндегі клиникада болды. Мұнда жылына 5 мың адамға медициналық көмек көрсетіледі. Клиниканың травматологиялық пункті заманауи үлгіде жабдықталған. Бүған қоса емханада 80 орындық стационары жұмыс істеп тұр. Сенатор мен мәслихат мүшелері дәрігерлер мен студенттер сұрақтарына жауап беріп, саланы дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдауларға кеңінен тоқталды.