Әйелдер онкогинекологқа тегін қарала алады

2 709

Фото: depositphotos.com18 қаңтарда Алматы Онкологиялық орталығында ашық есік күні өтеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы Онкологиялық орталығының онкогинекология бөлімшесінің меңгерушісі Болатбекова Райхан хабарлады.

"Ашық есік күні 2025 жылғы 18 қаңтарда сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін Алматы Онкологиялық орталығында өтеді. Бұл күні әйелдер онкогинекологтардан кеңес ала алады, алдын-алу мүмкіндіктері туралы біле алады және жатыр мойны патологиясын ерте анықтау үшін тексеруден өтеді", - деді Болатбекова Райхан.

Дәрігер орталыққа 18 жастан асқан кез келген әйел келе алатынын айтты.

"Ұйымдастырушылар осы мүмкіндікті жатыр мойны обыры және оның алдын алу шаралары туралы хабардарлықты арттыру үшін пайдалануға шақырады. Бұл аймақтағы әйелдердің денсаулығын жақсартуға және сырқаттанушылықты азайтуға бағытталған маңызды қадам", - деп атап өтті Райхан Өлмесханқызы.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.