Коронавирус жұқтырған 1258 адамның жағдайы ауыр

283
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус туралы соңғы мәліметтерді ұсынды.

Министрлік ұсынған ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта Қазақстанда 71 221 адам коронавирус инфекциясынан (–69 436 + және 1 785 КВИ-) емделуде.


 Олардың ішінде 21 096 науқастың стационарда, 50 125 науқастың амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатқаны белгілі болды.


 КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:  

          
1 258 адамның жағдайы ауыр, 


274 пациенттің жағдайы өте ауыр


166 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.


 Айта кетейік, бүгін таңертең қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті. 


23 шілдедегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы қаласы, Шымкент қаласы, Алматы облысы, Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Атырау облысы, Батыс Қазақстан облысы, Жамбыл облысы, Қарағанды облысы, Қостанай облысы, Қызылорда облысы, Маңғыстау облысы, Павлодар облысы және Солтүстік Қазақстан облысы "қызыл" аймақта тұр. 


"Сары" аймақта Түркістан облысы мен Шығыс Қазақстан облысы орналасқан.