ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНДІРУШІЛЕРДІ ҚОЛДАУДЫҢ ЖАҢА МЕХАНИЗМІ ҰСЫНЫЛДЫ

2 694

Фото: Денсаулық сақтау министрлігіДенсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы фармацевтикалық компаниялардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізуде, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ұсынылып отырған шаралар инвестициялық ахуалды жақсартуға, саланы дамытуға және экспорттық әлеуеті бар сапалы отандық фармацевтикалық өнім шығаруға бағытталған.

Жаңа тәсілдер Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша инвестициялар туралы келісімдерге қол қою арқылы фармакомпанияларға преференцияларды кеңейтуді көздейді. Бұл ретте шарттар жасасу мерзімі шығарылатын дәрілік заттардың сапасына және өндірісті оқшаулау деңгейіне қарай айқындалатын болады.

Экспорттық әлеуетті дамыту бойынша қарсы міндеттемелерді белгілеу, оның ішінде, ел ішінде дәрілік заттардың бағасын тежеуге ықпал етуі тиіс.

Жаңа инвестициялық жобалар клиникалық және зертханалық базаларды жан-жақты нығайтуды көздейтін жол картасын іске асырудың есебінен мемлекеттік қолдаудың қосымша шараларымен сүйемелденетін болады.

Тиісті өндірістік практиканың стандарттары бойынша шығарылатын фармацевтикалық өнім тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халыққа қолжетімді болады.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.