Танымал дәрігердің мәйіті табылды

2 708

Фото: pixabay.comАқтөбе облысында өткен аптада нефролог дәрігер Абай Айсағалиев жоғалып кеткен еді. Кеше дәрігер кісі қолынан қайтыс болғаны белгілі болды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл туралы "Диапазон" газеті жазды. Басылымның жазуынша, өңірге танымал дәрігер Абай Айсағалиев 23 мамыр күні жоғалып кеткен. Жұма күні оны іздеуге еріктілер да қосылған, ал сенбі күні ол кісі қолынан көз жұмғаны анықталды.

Полиция өкілдері журналистерге пікір білдіріп, күдікті ұсталғанын хабарлады.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Өзге ақпарат қылмыстық істі тергеу аясында жарияланбайды.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.