Мерзімі өткен дәрі-дәрмекті қабылдайтын орындар ашылды

2 382

Фото:pixabay.com Алматы қаласында жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді қабылдайтын арнайы орындар ашылды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпараттық агенттігі. 

 Қаладағы 36 емханаға осы мақсатта арнайы контейнерлер орнатылды. Экологиялық бастаманың негізгі мақсаты – ел аумағынан ескірген медициналық препараттарды жинап, оларды табиғатқа зиянсыз жолмен жою.

Дәрі-дәрмектер ауруға ем болғанымен қалдығы табиғатқа қауіпті. Сондықтан оны қоқысқа тастай салуға болмайды. Өткен жылы елде 1,46 млрд қорап дәрі-дәрмек сатылған. Оның қаншасы артылып күлге кеткені белгісіз. Былтыр экологтар «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында сынақ ретінде ескірген дәрілерді жинап көріпті. Алматылықтар бірнеше айда 122 келі мерзімі өткен препарат тапсырыпты.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.