Тойға барған 20 адамнан ішек инфекциясы анықталды

2 435

Фото: Pixabay.comПавлодарда тойға қатысқан бір топ адам тағамнан уланып, оларға сальмонеллез диагнозы қойылды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Дәрігерлердің айтуынша, 7 маусым күні өткен үйлену тойынан кейін медициналық көмекке жүгінгендер көбейе бастады. Келесі күні дәл сол мейрамханада, бірақ басқа жиынға келген қонақтар да уланып қалғанын айтып келген. Жалпы алғанда 20 адам ауруханаға түсті, тағы 14 адам үй жағдайында емделді. Барлығының іші ауырып, іші өтіп, қызуы көтерілген.

Тойханадан бірден қажетті сынамалар мен сүртпелер алынды. Осылайша тойхананың санитарлық дәрігерлерден рұқсат құжаттарын алмай жұмыс істеп келгені белгілі болды. Ал онда істейтін жеті қызметкердің мүлде медициналық тексерістен өтпегені анықталды.

8 маусымда мамандар тойхананың жұмысын жалғастыруына тыйым салды. Алайда соған қарамастан, сол кеште тағы бір той өткізілген. Сараптама нәтижелері полицияға жолданбақ.