АПВ-ға қарсы вакцина ер балаларға қашан салынады?

2 976

Фото: Pixabay.com2026 жылдан бастап елімізде ұл балаларға адам папиллома вирусына қарсы вакцина салынады,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Сенат кулуарында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, Үкімет қаулысына өзгерістер енгізу қарастырылып жатыр. Министрлік енді аталған екпені 14 жасқа толған қыздарға да салуды жоспарлап отыр.

Былтыр күзден бері адам папиллома вирусына қарсы вакцинаны 11 мен 13 жас аралығындағы қыздарға салу басталған.

Бірінші кезеңі бітті. Екінші кезеңнің екпесі егіліп жатыр. 700 мың вакцина алынған. Сол қажетті мөлшерде 12-13 жастағы қыздарға вакцина салынған. Соның 350 мыңы егілді, – деді ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев.