Ұшақта денсаулық министрі жолаушыға алғашқы көмек көрсетті

1 646

Фото: stan.kzАстанадан Алматыға ұшып бара жатқан KC622 рейсінде жолаушының бірі өзін нашар сезінді,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Жолаушылардың бірі Threads желісінде оқиғаны баяндап, ұшақ ұшу-қону жолағына қарай келе жатқан кезде қыздың қан қысымы көтеріліп, құсуға жақындағанын жазды. Бортсеріктер дереу медициналық көмек көрсете алатын адамды іздеген.

Жолаушыны дәрі, су және шай берумен бірге қан қысымын өлшеп, жағдайын бақылаған әйел оның денсаулығын қалпына келтірген. Кейінірек көмек көрсеткен дәрігердің Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова екені белгілі болды. Әуекомпания әзірге жағдайға қатысты ресми пікір білдірген жоқ.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.