Қызылордада желшешек ауруының 86,5%-ын балалар жұқтырған
Өткен жылы Қызылорда облысында желшешектің 901 жағдайы тіркелген. Бұл туралы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Аурудың 86,5%-ы 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталған. Дегенмен, бұл 2024 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 146 жағдайға аз. Ауа арқылы таралып, қызба, орташа айқын интоксикация және бөртпемен сипатталатын жіті инфекциялық вирус балаларға жиі жұғатынын мамандар да айтып отыр.
Дәрігерлер профилактика үшін науқаспен қарым-қатынасты шектеуге, гигиеналық тазалықты сақтап, салауатты өмір салтын ұстануға кеңес береді.







