Тұмаумен ауырғандардың 64,5% балалар
Алматыда жедел респираторлық инфекциялар (ЖРВИ) бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Өткен аптада ЖРВИ, тұмау ауруларының 43 501 жағдайы тіркелді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткішінен 1,8 есеге жоғары (22 323 жағдай) және алдыңғы аптаның көрсеткішінен 3,7%-ға төмен (45 170 жағдай),- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты. Дәрігердің сөзінше, биыл жаңа эпидемиологиялық маусымда, яғни, 1 қазан – 6 желтоқсан аралығында ЖРВИ-дың 297 838 жағдайы тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,8%-ға төмен. Балалар арасында аурушаңдық деңгейі 64,5% құрайды.
Ол ауада ЖРВИ-дың вирустары: риновирус, бокавирус, РС вирус, аденовирус, парагрипп, маусымдық коронавирус айналымда жүргенін айтты. Сол себепті тұмауды алдын алу мақсатында жергілікті әкімшілік есебінен «тәуекел тобындағы» тұрғындарға (медицина қызметкерлері, медициналық ұйымдарда медициналық бақылауға жататын балалар, алты айдан асқан көп ауыратын балалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, сәбилер үйінің балаларын, жүрек-қантамырлық жүйесінің және тыныс алу мүшелерінің созылмалы аурулары бар адамдар, эпидемиологиялық көрсетімдері бойынша медициналық-әлеуметтік мекеме, ұйымдарда қызмет алушылар, жүктіліктің 2-ші немесе 3-ші триместрінде жүкті әйелдер) вакциналау жүргізілді.
Әсел Қалықова ЖРВИ, тұмаумен сырқаттанушылықтың өсуі кезінде халыққа алдын алу шараларын сақтауға шақырды. Яғни, дәрігердің тағайындауымен иммундау жүйесін көтеру: С дәруменін, оксолин жақпа майын қолдану, жаппай іс-шаралар өтетін орындарға баруды азайту, бөлмелерде ылғалды жинау жүргізіп, желдету, ЖРВИ-мен сырқаттанғандармен қарым-қатынаста болмауға тырысу, қарым-қатынас болған жағдайда бетперде киіп, жеке гигиена ережелерін сақтау қажет, ауру болған жағдайда үйде болу керек, өзін-өзі емдемеу керек, медицина қызметкерін шақыру керек, түшкіру және жөтелу кезінде ауызды қолмен, майлықпен, орамалмен жауып, қолды мүмкіндігінше жиі жуу, науқас балаларды мектептерге, мектепке дейінгі балалар мекемелеріне, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өтетін орындарға жібермеу керек екенін айтты.