Жүкті әйелге бір уақытта екі операция жасалды
Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында дәрігерлер жүктіліктің 38-ші аптасындағы науқасқа бірегей ота жасаған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Ақ халаттылар бір уақытта әйелді кесір тілігі арқылы босандырып, екінші операцияда тамырлы ісікті алып үлгерген.
Әйел ауруханаға толық жүктілік және мұрын вестибулитінің гемангиомасы диагнозымен түскен. Қан тамырларының пайда болуы қан кетудің қаупін тудырған. Мұндай жағдай әйелдің алдыңғы жүктілігі кезінде орын алған. Сондықтан науқастың жағдайы тез арада қауіпсіз шешім шығаруды талап еттілген.
Акушер-гинекологтар, анестезиологтар және ЛОР мамандары қатысқан мультидисциплинарлық консилиумнан кейін бір мезгілде гемангиоманы алып тастау арқылы кесір тілігін жасау туралы шешім қабылдаған.
Операция екі кезеңде жасалған. Алдымен акушер-гинеколог бригадасы кесір тілігін сәтті орындап, әйелді босандырып алған. ЛОР мамандар қан жоғалтудың алдын алу үшін барлық сақтық шараларын қолданып, тамырлы зақымдануды алып тастаған.
Дәрігерлердің үйлесімді әрекетінің арқасында екі ота да сәтті өткен. Ана мен жаңа туған нәрестенің жағдайы тұрақты, операциядан кейінгі кезең ешбір қиындықсыз өткен.







