Жаңа қаулы бойынша «қызыл» аймақтағы нысандар демалыс күні жұмыс істейді

289
ҚР Бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«Ashyq» жобасына қатысатын объектілер жұмыс және демалыс күндері «қызыл» және «қоныр қызыл» аймақтарда орналасқан өнірлерде сағат 00.00-ге дейін ашық болады.

«Сары» аймақта орналасқан облыстардағы нысандар сағат 01.00-ге дейін, жоба көшбасшылары сағат 03.00-ге дейін жұмыс істейді.

«Жасыл» аймақта орналасқан өнірлерде сағат 03.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін сағат 05.00-ге дейін жұмыс режимі белгіленді. Талап бойынша демалыс күндері қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болуы тиіс. Десе де «жасыл мәртебе» болуына және жұмыс режимін шектеуге қойылатын талап облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалға, қонақ үйлерге, әуежайларға, теміржол, автокөлік бекеттеріне, өзен және теңіз порттарына, автостанцияларға, жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне, білім беру объектілеріне, ЖОО-ға, колледждерге, интернаттарға, білім беру ұйымдарының жатақханаларына қолданылмайды», - делінген қаулыда.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.