30 мыңнан аса алматылық баласына Pfizer вакцинасын салдыруға келісім берген

349

30 мыңнан аса алматылық баласына Pfizer вакцинасын салдыруға келісім берген- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиеваның айтуынша, мегаполисте 12-17 жас аралығында 170 мың бала бар. Оның ішінде ата-ананың 20 пайызы баласына Pfizer вакцина егуге келісім берген.

"Бұл шамамен 30 мыңнан астам ата-ана. Алайда бұл көрсеткіш өзгеруі мүмкін, себебі сәт сайын келісім бергендер артып жатыр. Вакциналау алдымен медицина мекемелерінде жүргізіледі. Ал білім ордаларына тек арнайы шақырту арқылы медицина қызметкерлері барады" , – деді Светлана Сұлтанғазиева.

Қалада Pfizer вакцинасын салу 12 қарашада басталады. Ең алдымен 16-17 жастағы балаларға ата-анасы рұқсат бергеннен кейін салынады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.