Қызылорда облысында мыңға жуық оқушы тұмауға шалдықты

299
Қызылорда облысында оқушылардың 99 пайызы дәстүрлі форматта білім алуда- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Өңірде оқушылар арасында коронавирус инфекциясының таралу қаупін төмендету мақсатында қажетті шаралар тізбегі қабылданды. Дегенмен, облыс көлемінде мектеп оқушыларының 0,16 пайызы инфекция жұқтырғаны расталды. Қазіргі таңда оқушылардың 99 пайызы штаттық режимде білім алуда.

«Қазір ауа райының күрт салқындауына байланысты оқушылар арасында тұмаумен ауырғандар саны көптеп тіркелуде. Бүгінде облыс көлемінде 924 оқушы тұмаумен сырқаттанған. Олардың 70 -і емханада, 854-і үй жағдайында ем алып жатыр. Балалардың жағдайы жақсы, тиісті емдеу шаралары жүргізілуде», - деді облыстық Білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.