ШЫМКЕНТ "ҚЫЗЫЛ" АЙМАҚҚА ӨТТІ

262
Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті. Оған сәйкес, Шымкент қаласы "қызыл" аймаққа өтті.

2021 жылдың 15 сәуірдегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары "қызыл" аймақта тұр.

"Сары" аймақта Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Мағыстау облыстары орналасқан.

Ал "жасыл" аймақта Қостанай мен Түркістан облысы.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 2641 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды. Олардың 111-і Шымкент қаласынан.

Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 278 695-ге жетіп отыр.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 2002 адам індеттен жазылған.

Қазір елімізде 36 436 адам короновирустан емделуде, олардың ішінде 12 451 пациент стационарда, 23 985 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

591 адамның жағдайы ауыр, 172 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда.