Коронавируспен ауырғандардың статистикасы қолдан жасала ма

278
Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде жұқпалы аурулар ауруханалары бос, ал коронавируспен ауырғандардың статистикасы қолдан жасалады деген пікір білдіріп жатыр.

Facebook қолданушысының айтуынша, еліміздегі жұқпалы аурулар ауруханалары бос тұр, оның танысы ауруханаға түскенде басқа науқастарды көрмеген екен. Бұл мәлімдеме еліміздегі қазіргі нақты жағдайға қайшы.

"Бұл – шындыққа жанаспайтын ақпарат. Госпитальдер бос тұрған жоқ", – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінен.

Ведомствоның мәліметінше, 14 сәуірде еліміздегі жұқпалы аурулар ауруханалардың жүктемесі 40% құрады. Науқастардың басым бөлігі Алматы ауруханаларында тіркелген – 3 430, Алматы облысында – 2 460. 

Олардан кейін науқастар саны бойынша Қарағанды облысының жұқпалы аурулар ауруханалары тұр. Пациенттер 1082 төсек-орынға жатқызылды.