Ауруханада науқастарға мерзімі өтіп кеткен анестезия қолданған

2 645

stomed.ruМақаншы ауданының денсаулық сақтау мекемесін тексеру барысында прокуратура дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша көптеген заңбұзушылықтарды анықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Тексеру барысында дәрі-дәрмектің дұрыс сақталмауы, есірткі заттары бар ампулалардың уақытылы жойылмауы және дәрі-дәрмектердің дұрыс тағайындалмауы анықталды.


Сонымен қатар ота жасау кезінде науқастарға мерзімі өтіп кеткен "Кетам" анестезия препараттары қолданылған.


“Нәтижесінде медициналық мекеменің 12 қызметкері тәртіптік жазаға тартылып, оларға Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 426-бабы “Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу” бойынша 1,5 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды”, – деп мәлімдеді прокуратура.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.