Еліміздегі өңірлердің бірі "қызыл" аймақтан "сарыға" өтті

277

Фото: Денсаулық сақтау министрі28 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын коронавируспен күрес жөніндегі ВАК Telegram-каналында жария етті. 


Бүгінгі күнгі жағдай бойынша еліміздің бір өңірі, нақтырақ айтсақ, Атырау облысы "қызыл" аймақтан "сарыға" өткен. 


Нәтижесінде коронавирустың таралуы бойынша Қазақстан өңірлерінің ахуалы келесідегідей:
 "Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола,Қарағанды облыстары. 
"Сары" аймақта: Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары. 


"Жасыл" аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.