Коронавирус тамыз айында өршиді – министр

316

Коронавирус жұқтыру деңгейі тамыз айында өршиді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдедідеп хабарлайды,- Opennews.kz ақпарат агенттігі Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

 


Министр алдағы үш айға арналған болжамдар ай сайын жаңартылып отыратынын айтты.

«Пессимистік сценарийде ең көп тіркелген жағдайлар тәулігіне 4000 науқасқа дейін, реалистік сценарийде тәулігіне 2500 жағдайға дейін, оптимистік сценарийде тәулігіне 1000 жағдайға дейін болады. Сондай-ақ инфекцияны жұқтырғандардың саны тамыз айында өседі. Ал тамыз-қыркүйек айының соңында төмендей  бастайды», – деді Ажар Ғиният.

Министр қазақстандықтарды өз денсаулығына қамқор болуға шақырды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) деректері бойынша Америка мен Африка өңірлерін санмағанда соңғы аптада әлемдегі сырқаттану 3%-ға өсті, ал қалған 4 өңірде сырқаттану 4, 5, 25 және 28%-ға өскені байқалады.


Кейінгі аптада әлемнің 108 елінде сырқаттанудың өсуі байқалады, оның ішінде Жапонияда соңғы аптада сырқаттану 112%-ға (169 мың жағдайдан 360 мың жағдайға дейін), Арменияда 103%-ға (174 жағдайдан 354 жағдайға дейін), Венгрияда 72%-ға (4663 жағдайдан 8036 жағдайға дейін), Қытайда 28%- ға (571 жағдайдан 733 жағдайға дейін), Ресейде12%-ға (21 мың жағдайдан 23 мың жағдайға дейін) өскен.