Қазақстан Украинадан арзанға алып келген дәрі-дәрмекті Еуропа мен Қытайдан жеткізуге мәжбүр

222

Фото:«СК-Фармация»«СК-Фармация» енді Еуропадан дәрілік препараттарды жеткізу үшін қазақстандық машиналарды пайдаланады. Компания басшысы Ерхан Есқалиев Қазақстан Украина тасымалдаушымен келісімшартты бұзғанын жария етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОКҚ брифингінде журналистер бірыңғай дистрибьютордың басшысынан Украинадан дәрі-дәрмектерді жеткізу логистикасы қалай өзгергенін сұрады.


«Бастапқыда, оқиғалар орын алған кезде, форс-мажорға сәйкес, біз Украинаның Сауда-өнеркәсіп палатасымен шартыт бұзып, 19 позиция бойынша сатып алдық. Оларды Үнді, Қытай, Египет, еуропалық препараттармен ішінара алмастырды. Алты түрі бойынша әлі де сатып аламыз», - деді Ерхат Есқалиев.

Оның айтуынша, KazLogistics «СК-Фармацияға» ресейлік және беларусь көліктерін қазақстандық көліктерге алмастыруға көмектескен. Өйткені Еуропа тек қазақстандық көліктер дәрі-дәрмек жеткізе алатындай ереже орнатқан.

«Әрине, бұл аумақтарды айналып өтудің балама бағыттары жасалды. Бүгінде барлық шешімдер қабылданды. Негізінде дәрі-дәрмек жеткізуде мәселе жоқ. Келесі жылы біз логистикаға көбірек уақыт кететінін ескереміз, өйткені бұрын біз тікелей бағыттарды қарастыратын едік. Тасымалды Кавказ, Түркия арқылы жолға қою мәселесі міндетті түрде ескеріледі. Тұрақты негізде біз ИИДМ-мен бірлесіп логистикамен тәуекелдерді қадағалаймыз және оған ден қоямыз", - деп түйіндеді Ерхат Есқалиев.