COVID-тің жаңа толқыны келді ме?

479

Фото: pixabay.com

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлімдеуі бойынша, өткен тәулікте елімізден 1373 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР тест арқылы анықталды деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
    Нақтылай кетсек:

Нұр-Сұлтан қаласында - 301,
Алматы қаласында - 202,
Шымкент қаласында – 12,
Ақмола облысында – 89,
Ақтөбе облысында – 28,
Алматы облысында - 12,
Жетісу облысында - 24,
Атырау облысында - 26,
Шығыс Қазақстан облысында - 10,
Абай облысында - 22,
Жамбыл облысында - 40,
Батыс Қазақстан облысында - 49,
Қарағанды облысында - 327,
Ұлытау облысында - 2,
Қостанай облысында - 63,
Қызылорда облысында - 25,
Маңғыстау облысында - 16,
Павлодар облысында - 83,
Солтүстік Қазақстан облысында - 26,
Түркістан облысында - 16. .


Қазақстан бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 1 368 205 адамды құрады.

Оның ішінде 2061 адам коронавирус індетінен емделіп шыққан.

Өңірлер бойынша атап айтқанда:

Нұр-Сұлтан қаласында - 1015,
Алматы қаласында - 336,
Алматы облысында - 134,
Жетісу облысында - 52,
Шығыс Қазақстан облысында - 26,
Абай облысында - 27,
Батыс Қазақстан облысында - 6,
Қарағанды облысында - 327,
Ұлытау облысында - 25,
Қызылорда облысында - 54,
Маңғыстау облысында - 38,
Павлодар облысында - 2,
Түркістан облысында - 19.
Республика бойынша COVID-19 вирусынан жазылғандар саны 1 327 732 адамға жетті.



Аталғандардан бөлек, 8 тамыздағы мәлімет бойынша, 27 116 адам коронавирус инфекциясынан (–26 804+ және 312 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 1 466 пациент стационарда, 26 650 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. КВИ жұқтырған 1 науқас қайтыс болды.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардан:

35 адамның жағдайы ауыр

8 пациенттің жағдайы өте ауыр халде

4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.