Балалар ауруханасында алғаш рет лапароскопиялық операция жасалды
566
Көпбейінді балалар ауруханасында алғаш рет лапароскопия әдісімен несеп жолына ота жасалды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Отаны аурухананың білікті хирургі Насухан Отарғазиев, уролог Мұрат Бекхожин және Асхат Сихов жасаған.«Жаңаөзен қаласының тұрғыны 5 күн бұрын балалар ауруханасына түсті. Күндіз іші ауырып, емханаға барған. Ол уақытта соқырішек болып қалдым деп ойлаған. Компьютерлік томографияға түсіріп, несепағарында тас бар екені анықталды. Жалпы тексеруден өткеннен кейін лапароскопия әдісімен операция жасалды. Тасты алып тастап, стенд қойдық. Бүгінде жағдайы тұрақты. Бөлімшеде емін алып жатыр», - деді хирург Насухан Отарғазиев.
Айта кетейік, лапароскопия – хирургиялық араласулар мен органдардың диагностикалық зерттеулерін жүргізудің заманауи әдісі. Бұл әдіспен жасалған отадан кейін науқастың денсаулығы тез қалпына келеді.