Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеудің жаңа талаптары жарияланды

688

Фото: pixabay.comПрезиденттің көмекшісі Ерлан Қарин Президенттік жастар кадрлық резервіне екінші іріктеу басталғанын мәлімдеп, ондағы жаңа талаптарды жария етті.
Бұл туралы Ерлан Қарин Telegram-дағы парақшасында жазған. Айтуынша, мемлекет басшысы "Президенттік жастар кадрлық резервінің кейбір мәселелері туралы "Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Жарлыққа қол қойған.


 "Резервке екінші іріктеуге 35 жасқа дейінгі, жоғары білімі бар және еңбек өтілі 5 жылдан кем болмайтын жастар қатыса алады. Сондай-ақ, жаңа іріктеу шеңберінде үміткерлердің мемлекеттік тілді орта деңгейден (В1) төмен емес деңгейде меңгергені туралы сертификаттың болуы туралы талап енгізілді", - деді президентің көмекшісі.
 Одан бөлек, кандидаттарды іріктеу арнайы ақпараттық жүйе арқылы бірнеше кезеңде жүргізілетіні алға тартылды: 


1. Құжаттарды қабылдау (онлайн); 


2. Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау (онлайн);


 3. Ситуациялық тапсырмаларды шешу (онлайн);


 4.Құзыреттерді бағалау (офлайн); 


5. Сараптамалық комиссияда кандидаттармен әңгімелесу (онлайн);


 6. Ұлттық комиссияның отырысында қарау (алдын ала онлайн). 


Үміткерлер резервке 3 жылға қабылданады.


 "Бүгінгі таңда Президенттік жастар кадрлық резервінің алғашқы легінен шыққан 179 жас маман мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік компанияларға қызметке тағайындалды. Осылайша, Президенттік Жастар кадрлық резерві өзінің басты міндеті – жас мамандар үшін тиімді әлеуметтік лифт құру міндетін іске асыруда", -деп жазды Ерлан Қарин.