Армения премьер-министрі Никол Пашинян сәуірде отставкаға кетпек

277
Армения премьер-министрі Никол Пашинян сәуір айында отставкаға кететінін айтты. Бұл туралы Пашинян Армавирский облысының тұрғындарымен кездесуінде хабарлаған.

Осы ретте Пашинян отставка - кету үшін емес, кезектен тыс сайлау өтуі үшін жасалған қадам екенін атап өткен. 
"Осы кезеңде мен премьер-министр міндетін атқаратын боламын", - деп келтіреді басылым Никол Пашинянның сөзін. 

Сонымен қатар, Армения заңнамасына сәйкес, қазіргі үкімет басшысы қызметінен кеткеннен кейін парламент екі рет премьер-министрді сайламаса, сайлау тағайындалатыны атап өтілген. Егер премьер-министр тағайындалмаса Пашинян үкіметті басқара беретін болады. 

Алайда бұл мәлімдеме халықтың көңілінен шықпай, Арменияда наразылықтар басталды. 
Ереуілшілер Пашинянның отставкаға кетуін талап етіп, парламентке де кірген. Адамдар бір-бірін тыңдамай, айқайлап, пластикалық бөтелкелерді лақтыруға кіріскен. Тіпті, билікті әскерилердің қолына беруді талап еткендер де бар. 

Ал Пашинянның өзі болса Facebook арқылы тікелей эфирге шығып, наразылық білдірушілер жазаланатындығын айтқан болатын.
 
"Бүгінгі қылмыстардың барлық ұйымдастырушылары толық көлемде жауапқа тартылады", - деді ол.