Сенат төрағасы елде жаңа партиялардың құрылуына қатысты пікір айтты
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанда жаңа саяси партиялардың құрылуына қатысты пікірін білдірді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Мәлімдеуінше жаңа Конституция партиялық жүйені дамуына үлкен септігін тигізбек. Өйткені, бір палаталы Парламент - Құрылтай партиялық тізімдер арқылы қалыптасады. Жалпы, партиялық жүйені күшейту керек.
Елімізде заңнама аясында партиялар құруға мүмкіндік бар. Менің ойымша, алдағы уақытта жаңа Конституцияның қабылдануы жаңа партиялардың дамуына үлкен септігін тиігізеді, - деді Мәулен Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысынан кейін.
Жалпы, ел азаматтары қоғамдық ұйымдарды, саяси партияларды құруға ерікті. Ең бастысы, тиісті іс-қимылдарды мемлекеттің заңнамасына сай жүзеге асыру керек... Осы орайда партиялық бәсекелестіктің дамуы, жаңа партиялардың пайда болуы, осыған дейін құрылған партиялардың белсендігі Қазақстанның ары қарай қарқынды дамуына ықпал етеді. Сондықтан елдің дамуы үшін бізде қуатты саяси партиялардың болуы маңызды, - деді Сенат төрағасы.







