Президент қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

1 793
Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мерекенің тамыры тереңде жатқан достық, мейірімділік пен ынтымақтастық құндылықтарын қамтитынын алға тартты.

“Алғыс айту күні халқымыздың қиын-қыстау кезеңдерінде бірлік пен ынтымақты сақтай отырып, биік гуманистік мұраттарға адал болып, қай кезде де қайырымдылық пен жанашырлық танытқанын еске салады. Бүгінгі таңда елімізде әрбір азаматтың бұрын-соңды болмаған жаһандық сын-қатерлер мен ауқымды өзгерістер жағдайында қолдауы мен жауапкершілігі ерекше маңызға ие. Осы мерекелі күні жерлестеріме адал еңбегі мен ұлтжандылығы үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді”,- деді Тоқаев.



Президент сонымен қатар ел бірлігін нығайту арқылы кез келген қиындықтарды жеңіп, әділетті, гүлденген Қазақстанды құратынымызға сенім білдірді. Ол баршаға зор денсаулық, бақыт және амандық тіледі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.