AMANAT партиясы Мәжіліске өткен 40 депутаттың тізімін жариялады
«AMANAT» партиясының Саяси кеңесі Бюросының шешімімен 40 кандидаттың тізімі бекітіліп, ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаттары ретінде тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына жолданды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының жаңа құрамындағы әйелдер, 35 жасқа дейінгі жастар және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың үлесі 32%-ды құрайды.
Еске сала кетейік, партиялық тізімдер бойынша Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының қорытындысына сәйкес, «AMANAT» сайлаушылардың 53,9% дауысын жинады. Бұл 40 депутаттық мандатқа сәйкес келеді.
Сонымен қатар, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Мәжілістегі депутаттарының тізімін жариялады.
«2023 жылғы 27 наурызда «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Саяси кеңесінің Президиум отырысы өтті. Партияның Жарғысына сәйкес жиында 2023 жылғы 19 наруызда өткен Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауы нәтижесінде алған 8 депутаттық мандат иелері анықталып, бекітілді», - деп жазылған партияның баспасөз мәліметінде.
Сонымен «Ауыл» партиясының атынан Мәжіліске енген депуттардың тізімі мынандай:
Дайрабаев Жигули Молдақалықұлы – партия мүшесі, «Ауыл» ХДПП төраға орынбасары, Қазақстан фермерлері қауымдастығының басқарма төрағасы;
Егізбаев Серік Рахметоллаұлы – партия мүшесі, ауыл шаруашылығы, ақпарат және қоғамдық даму экс вице-министрі;
Абден Қарақат Жақсылыққызы – партия мүшесі, «Қазақ қызы» ҚБ президенті (әйелдер квотасына сәйкес);
Баққожаев Анас Ахатұлы – партия мүшесі, «Ауыл» ХДПП төраға орынбасары;
Саурықов Ерболат Байұзақұлы – партия мүшесі, «Ауыл» ХДПП Жамбыл облысындағы өңірлік филиалының төрағасы, Ш.Мұртаза ат. Тараз халықаралық инновация институтының президенті;
Арсютин Николай Геннадьевич – партия мүшесі, «Ауыл» ХДПП төрағасының орынбасары;
Зейнуллин Аян Талғатұлы – партия мүшесі, «СПК Астана» ӨК өндіріс бойынша директоры (жастар квотасына сәйкес);
Серіков Таңсауле Ғабдыманапұлы – партия мүшесі, С.Сейфуллин ат. ҚазАТУ оқытушысы (инклюзивті қоғам мүшелерінің квотасына сәйкес).
Орталық сайлау комиссиясы жариялаған түпкілікті қорытынды бойынша, «Ауыл» партиясына Мәжіліс мінберінен 8 мандат берілген болатын.
Айта кетейік, Орталық сайлау комиссиясының ақпараты бойынша сайлауда партиялар төмендегідей дауыс жинады:
Amanat партиясы – 53,90% (40 орын);
«Ауыл» партиясы – 10,90% (8 орын);
Respublica партиясы – 8,59% (6 орын);
Қазақстан халық партиясы – 6,80% (5 орын);
«Байтақ» жасылдар партиясы – 2,30% (Мәжіліске өтпеді);
«Ақ жол» партиясы – 8,41% (6 орын);
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 5,20% (4 орын).
«Бәріне қарсымын» – 3,90% (248 291);
Барлық дауыс бергендер саны – 6 366 441.
Бұған дейін Қазақстан Халық партиясы, «Ақ жол» демократиялық партиясы, Respublica партиясы да Мәжіліс депутаттарының кандидатурасын бекітті.
Еске салсақ, сайлау қорытындысы бойынша бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша 29 үміткер жеңіске жетті.
Алдын ала сайлау қорытындысына сәйкес бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша төмендегі кандидаттар жеңіске жетті. Барлығы 29 үміткер:
Астана қаласы
№1 сайлау округі бойынша
Дәулет Тұрлыханов – 71 698 дауыс жинады;
№2 сайлау округі бойынша
Дәулет Мұқаев – 51 769 дауыс;
Алматы қаласы
№3 сайлау округі бойынша
Ермұрат Бапи – 23 690 дауыс;
№4 сайлау округі
Ерлан Стамбеков – 15 930 дауыс;
№5 сайлау округі
Бақытжан Базарбек – 22 685 дауыс;
Шымкент қаласы
№6 сайлау округі
Данабек Исабеков – 21 098 дауыс;
№7 сайлау округі
Болатбек Нәжметдинұлы – 19 851 дауыс;
Абай облысы
№8 сайлау округі
Нұртай Сабильянов – 131 872 дауыс;
Ақмола облысы
№9 сайлау округі
Айна Мысырәлімова – 154 587 дауыс;
Ақтөбе облысы
№10 сайлау округі
Қазыбек Әбішев – 238 195 дауыс;
Алматы облысы
№11 сайлау округі
Ардақ Назаров – 122 242 дауыс;
№12 сайлау округі
Данияр Қасқарауов 153 225 дауыс;
Атырау облысы
№13 сайлау округі
Әділ Жұбанов – 107 973 дауыс;
Батыс Қазақстан облысы
№14 сайлау округі
Абзал Құспан – 126 784 дауыс;
Жамбыл облысы
№15 сайлау округі
Мұқаш Искандиров – 99 021 дауыс;
№16 сайлау округі
Гүлдара Нұрымова – 190 078 дауыс;
Жетісу облысы
№17 сайлау округі
Руслан Қожасбаев – 132 678 дауыс;
Қарағанды облысы
№18 сайлау округі
Құдайберген Бексұлтанов – 132 471 дауыс;
№19 сайлау округі
Арман Қалықов – 145 228 дауыс;
Қостанай облысы
№20 сайлау округі бойынша
Еркін Әбіл – 181 175 дауыс;
Қызылорда облысы
№21 сайлау округі
Мархабат Жайымбетов – 148 646 дауыс;
Маңғыстау облысы
№22 сайлау округі
Еділ Жаңбыршын – 117 880 дауыс;
Павлодар облысы
№23 сайлау округі
Амантай Жарқынбек – 168 625 дауыс;
Солтүстік Қазақстан облысы
№24 сайлау округі
Еркебұлан Мамбеков – 153 736 дауыс;
Түркістан облысы
№25 сайлау округі
Қайрат Балабиев – 142 595 дауыс;
Түркістан облысы
№26 сайлау округі
Ұласбек Сәдібеков – 92 445 дауыс;
№27 сайлау округі
Темір Қырықбаев – 117 584 дауыс;
Ұлытау облысы
№28 сайлау округі
Ерболат Сатыбалдин – 44 406 дауыс;
Шығыс Қазақстан облысы
№29 сайлау округі
Лұкбек Тұмашинов – 165 596 дауыс.