Әлихан Смайылов бастаған Үкіметтің өкілеттігі аяқталды
Әлихан Смайылов бастаған Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агеттігі Ақордаға сілтеме жасап.
Конституциясның 70-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» заңның 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған парламент мәжілісінің алдында Үкіметтің өкілетті тоқтатылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, - делінген президент қаулысында.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Парламенттің бірлескен отырысы басталды. Жиынға Сенаттан 48 пен Мәжілістен 98 депутат қатысып жатыр.
«Мен бір жыл бұрын, осы ғимаратта халыққа жолдауымды жарияладым. Еліміз үшін аса маңызды сәтте саяси жаңғыру бағдарламасын ұсындым. Бастамаларымыз жұрттың шынайы қолдауына ие болды. Оған былтырғы референдумда айқын көз жеткіздік. Біз тәуекелге бел буып, бірден іске кірістік. Бір жылдың ішінде ауқымды жұмыс атқарылды», - деді Тоқаев Парламенттің бірлескен отырысында.
Сондай-ақ президент Конституциялық реформа арқылы бүкіл жүйені өзгертетін қадамдар жасалғанын айтып өтті.