Сенат спикері Мәулен Әшімбаев ресми сапармен Қытайға барды

2 676

Фото: Пресс-служба Сената РКСенат төрағасы Мәулен Әшімбаев және Палатаның бір топ депутаты Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барды, – деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Сапар аясында Палата Спикері Халық қаһармандары ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. 

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің Төрағасы Чжао Лэцзимен кездесті. 

Тараптар өнеркәсіп, көлік, «жасыл» экономика және ауыл шаруашылығы салаларындағы бірлескен жобаларды талқылап, Орта дәліздің әлеуетін арттыру мен «Аягөз-Тачэн» теміржолын салудың маңыздылығын атап өтті. 

Чжао Лэцзи «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясындағы ынтымақтастықты жоғары бағалап, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін білдірді.

Мәулен Әшімбаев Қазақстан мен Қытай арасындағы тығыз байланыстарды, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше бағалайтынын атап өтті. 

Ол елдеріміздің халықаралық ұйымдар аясындағы ықпалдастығын және мемлекеттер басшыларының сенімді әрі нәтижелі серіктестік үлгісін көрсетіп отырғанын тілге тиек етті. Әшімбаевтың айтуынша, Қытайға бұл сапар екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға ықпал етеді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.