Парламентке Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі ұлттық баяндама ұсынылмақ

432
2024 жылдан бастап Парламентке Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі ұлттық баяндама ұсынылатын болады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылды.


Маңызды заңнамалық өзгеріс Парламенттің квазимемлекеттік сектор жұмысына белсенді жұмылдырылуы болды. Осылайша, 2024 жылдан бастап Парламентке Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі ұлттық баяндама ұсынылатын болады. Аталған есеп-қисап жыл сайын дайындалады және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыс тиімділігіне кешенді сараптаманы, қаржылық және қаржылық емес қызметтердің нәтижелерін, әлеуметтік және басқа да міндеттердің орындалуын қамтиды. Жалпы, қабылданған іс-шаралар квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіндегі айқындықты, ашықтықты, есептелікті арттыруға мүмкіндік береді, - деп атап өтті Әлихан Смайылов.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.