Парламентке Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі ұлттық баяндама ұсынылмақ
434
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
2024 жылдан бастап Парламентке Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі ұлттық баяндама ұсынылатын болады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылды.
Маңызды заңнамалық өзгеріс Парламенттің квазимемлекеттік сектор жұмысына белсенді жұмылдырылуы болды. Осылайша, 2024 жылдан бастап Парламентке Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі ұлттық баяндама ұсынылатын болады. Аталған есеп-қисап жыл сайын дайындалады және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыс тиімділігіне кешенді сараптаманы, қаржылық және қаржылық емес қызметтердің нәтижелерін, әлеуметтік және басқа да міндеттердің орындалуын қамтиды. Жалпы, қабылданған іс-шаралар квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіндегі айқындықты, ашықтықты, есептелікті арттыруға мүмкіндік береді, - деп атап өтті Әлихан Смайылов.
Қаз
Рус






