Елімізде жаңадан мемлекеттік саяси лауазымдар пайда болмақ
"Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
"Ашық" НҚА порталында жариялаған Президенттің Жарлық жобасына сай, енді мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер қатарына мынадай жаңа лауазымдар енгізіледі:
- Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының сектор меңгерушісі.
Айта кетейік, енгізілуі мүмкін лауазымдар В-3 санатына жатады.
"ҚР Президенті Жарлығының жобасы меритократия қағидатын табысты іске асыру, сондай-ақ ҚР Жоғары аудиторлық палатасы жұмыскерлерін ынталандыру мақсатында әзірленді. Жарлық жобасымен Жоғары аудиторлық палатаның сектор меңгерушілерінің, сондай-ақ төрағаның көмекшісі және кеңесшісі лауазымдарын лауазымдар тізіліміне тиісті өзгеріс енгізу жолымен В-3 санатына жатқызуды ұсынылады. Жарлық жобасын қабылдау республикалық бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды", – деп Жарлық жобасын түсіндірме берген Жоғары аудиторлық палата.
Құжат 24 мамырға дейін көпшілік талқылауда болады.