Асқар Мамин коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

296

Фото: ДСМ баспасөзіЕліміздің премьер-министрі Асқар Мамин коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.


Ресми ақпараттық ресурс ұсынған мәліметке сәйкес, Асқар Мамин 21 маусымда жұмыс күні аяқталғаннан кейін коронавирусқа қарсы вакцина салдырған. 
Үкімет басшысы Қарағанды фармацевтикалық зауытында шығарылған "Спутник V" вакцинасын салдыруды ұйғарыпты.
 "Асқар Маминнің вакциналаудан кейінгі жағдайы жақсы, ешқандай жанама әсерлері болған жоқ. Бүгінгі таңда Қазақстанда 2,8 млн-нан астам адам бірінші компонентті, 1,7 млн-нан астам адам екінші компонентті алды", - деп жазды премьер-министрдің ресми сайты. 
Еске салсақ, бұған дейін Асқар Мамин коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізіп, елордада санитарлық талаптарды күшейтуді тапсырған еді. Оның сөзінше, Нұр-Сұлтан қаласы әлі "қызыл" аймақта коронавирус жұқтырғандар саны азаймай тұр. 


"Асқар Маминнің вакциналаудан кейінгі жағдайы жақсы, ешқандай жанама әсерлері болған жоқ. Бүгінгі таңда Қазақстанда 2,8 млн-нан астам адам бірінші компонентті, 1,7 млн-нан астам адам екінші компонентті алды", - деп жазды премьер-министрдің ресми сайты. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.