Атом электр станциясы туралы мәселе референдумда талқыланбайтын болды

1 276

Атом электр станциясы (АЭС) туралы мәселе референдумда талқыланбайтын болды. Бұл туралы бейсенбі күні сенат отырысында энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

“Референдум жоқ, бұл мәселе референдумда талқыланбайды. Мәселе оның орналасатын жеріне, алаңның аймағына қатысты болып тұр. Бұл бірінші сұрақ. Екінші мәселе, ең маңыздысы, технология және қаржылық-экономикалық модель – қалай әсер ететініне қатысты”, – деді журналистердің сауалына жауап берген Нұрмағанбетов.

Тілшілер вице-министрден "Росатом" бұл жағдайда өз мүддеcін ойлап тұрған жатқан жоқ па деп сұраған.

“Ешкім де өзінің мүддесін ойламайды, барлық компаниялар ынтымақтастықты іздейді. Корейлік компания да келді, жақында олармен үлкен келіссөздер жүргізілді, Қытайда да қазір осы мәселе бойынша ұсыныстарды күтіп отырмыз”, – деп түсіндірген Нұрмағанбетов.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.