Үкімет басшысы ресми сапармен Әзербайжанға барды

1 230

Премьер-министр Әлихан Смайылов ресми сапармен Әзербайжан Республикасына барды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қазақстан Үкіметі басшысын Баку әуежайында Әзербайжан Премьер-Министрінің орынбасары Әли Ахмедов пен Әзербайжан Республикасындағы Қазақстанның Төтенше және өкілетті елшісі Әлім Байел қарсы алды.


Сапар барысында Қазақстан Үкіметінің басшысы Әлихан Смайылов Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездеседі. Сондай-ақ Әзербайжан Премьер-министрі Әли Асадовпен мемлекетаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайды. 


Атап айтқанда, көлік-логистика, сауда-саттық, энергетика, аграрлық сектор, IT және өнеркәсіптік кооперация салаларындағы бірлескен қадамдар қарастырылады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.