Сенаттың жалпы отырысында Жоғарғы соттың судьялары тағайындалды
Елімізде жоғарғы соттың судьялары жаңадан сайланды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Атап айтқанда, Жоғарғы сот судьясы лауазымына Ерлан Жұмаханұлы Айтжанов, Ғабит Өмірханұлы Әлжанов, Гүлмира Ғазизқызы Исамберлиева, Ерлан Смадиярұлы Қосмұратов, Нұрлан Қаскенұлы Құрманғалиев сайланды.
"Мемлекет басшысы аталған азаматтарды Жоғарғы сот судьясы қызметіне сайлау туралы ұсынымды енгізді. Таныстырылған бұл адамдардың көп жылдық судьялық еңбек өтілі бар", - деді Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп.
Осы орайда ол аталған судьялар өз саласының білікті мамандары екенін, аудандық әрі облыстық соттарда қызмет еткенін жеткізді.
Сенат депутаттары аталған кандиттарды қолдап, тиісті қаулы қабылданды.
Айта кетейік, жаңа қызметіне сайланғаннан кейін, судьялар Парламент Сенатының жалпы отырысында салтанатты түрде ант берді.